Бабенко Александр Витальевич

Александр Витальевич 2001 жылдан бері халықаралық арбитр және халықаралық ұйымдастырушы болып табылады. Жатып сығымдап көтеруден спорт шеберлігіне кандидат, сондай-ақ шахматтан 19 жылдық тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ірі жарыстарда белсенді жұмыс істеп, шахмат қозғалысының дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Төреші ретінде қатысқан турнирлері:

  • Мүгедектігі бар адамдар арасындағы 2-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы – бас арбитрдің орынбасары;
  • Senat Open FINAL 2025 – бас арбитр;
  • Ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының 2024 жылғы финалы – бас арбитр;
  • Pavlodar Open – бас арбитр;
  • Алматы облысы әкімінің кубогы – 2024 – бас арбитр.

Александр Витальевич бүкіл елді қамтып, шахмат қоғамдастығының жоғары бағасына ие болған Senat Open турнирлер сериясының ұйымдастырушысы болып табылады. Сонымен қатар серіктестерімен бірге 2006 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Оралдан Қиыр Шығысқа дейінгі аумақтағы ең мықты турнирлердің бірі – Pavlodar Open турнирін ұйымдастыруға бастамашы болды.

Қазіргі уақытта Александр Бабенко Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті және ҚШФ Төрешілер-біліктілік комиссиясының төрағасы қызметтерін атқарады. Оның жетекшілігімен еліміздің арбитрлер корпусын даярлау, аттестаттау және кәсіби дамыту жұмыстары жүзеге асырылады.