Верко Татьяна Рафаиловна – халықаралық арбитр, әйелдер арасындағы ФИДЕ шебері, ФИДЕ жаттықтырушысы.
20 жыл бойы балалар жаттықтырушысы болып жұмыс істеген, 5 жыл Қостанай қаласының шахмат бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы қызметін атқарған.
2009 жылдан бері төрешілік тәжірибесі – 16 жыл. Төреші ретінде көптеген шахмат турнирлеріне қатысты: 2025 жылғы АҚШ-тағы мектеп командалары арасындағы әлем чемпионаты, 2024 жылы Албанияда өткен 8, 10 және 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы рапид және блиц бойынша әлем чемпионаты, 2024 жылы Алматыда өткен 8–18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты.
Қазақстанның 8–18 жас аралығындағы көптеген чемпионаттарында, ҚР командалық чемпионатында, сондай-ақ ҚР сеньорлар арасындағы чемпионатында бас төреші қызметін атқарған.